Thursday, 19 September,2024

Ақтауда көпқабатты үй өртке оранып, бірнеше адам құтқарылды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Бұл туралы Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

«Бүгін сағат 17:28-де Ақтаудағы 8 ықшамаудан, № 19 үй мекен-жайы бойынша 3-қабаттағы 8 шаршы метр  балкон өртенді. 4 адам, оның ішінде 2 бала баспалдақ бойымен эвакуацияланды. Сағат 17:44-те өрт сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. Құтқару жұмысына төтенше жағдайлар қызметінің 10 қызметкері, 3 техникалық бірлік,  3 жұмысшы жұмылдырылды», - делінген хабарламада.

Ұсынылатын