Ақтауда көпқабатты үйдің шатыры құлап, бір адам көз жұмды
Ақтауда көпқабатты үйдің шатыры құлап, бір жұмысшы қаза тапты. Тағы екі адам зардап шекті, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қаза тапқан және жараланған адамдар ПИК қызметкерлері екен. Қайғылы жағдай көпқабатты үйдің шатырын бұзып жатқанда болған. Бетон бөліктері бір адамның өмірін қиса, екі адамды ауыр жарақаттады.Зардап шеккендердің бірінің аяғы сынған.
"Тұрғын үй инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің мәліметінше, 9-ықшамаудандағы 4-үйдегі жоспарлы жұмыс кезінде кіреберіс шатыры опырылып түсті. Өкінішке қарай, бір адам қаза тапты, екіншісі аяғынан жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Екеуі де ПИК қызметкерлері. Марқұмның отбасының қайғысына ортақтасып көңіл айтамыз", - деді баспасөз қызметіндегілер.