Ақтауда көршісінің қандала улағанынан екі бала қайтыс болды
Ақтауда қандалаға қарсы улаудан көрші пәтердегі 2021, 2022 жылы туған балалар көз жұмды. Сондай-ақ бес адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Uaqyt.info Kazinform-ға сілтеме жасап.
21 қазан сағат 8:50-де 102 кезекші пультіне 7 шағын аудандағы үйлердің біріне шақырту келіп түскен.
«Шақыртуға жедел-тергеу тобы шықты. Мән-жайды анықтау барысында пәтерден 2021 және 2022 жылғы кәмелетке толмаған балалардың мәйіті табылды. Сондай-ақ бес адам ауруханаға жеткізілді», - деп мәлім етті Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Полицейлердің мәліметінше төменде орналасқан көрші пәтер иесі үйін улаған.
Аталған дерек ҚР қылмыстық кодексінің 304-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді.
Сараптама тағайындалып, оқиға орнына санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары барған.