Friday, 18 October,2024

Ақтауда күдікті топтан қару-жарақ арсеналы тәркіленді

Uaqyt.info
Фото Polisia.kz

Маңғыстау облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында облыс орталығында күдікті топты анықтады, – деп хабарлайды Uaqyt.info.

Polisia.kz жазуынша, тінту кезінде ұсталған адамдардан тапаншалар, мылтықтар, 100-ден астам оқ-дәрі, пышақтар және екі магазинді “UZI” моделінің пулеметі тәркіленді.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 287-бабы “Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру” бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу мүддесінде өзге мәліметтер жарияланбайды.

Ұсынылатын