Saturday, 23 November,2024

Ақтауда пара алған білім бөлімінің басшысы қамауға алынды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің басшысы пара алды деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

“Ол аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға тамақтандыру қызметін көрсету бойынша жасалған шарт шеңберінде орындалған жұмыс актілеріне кедергісіз қол қойғаны, ақша қаражатын аудару және жалпы қамқорлығы үшін пара алды деген күдікке ілінді. Соттың санкциясымен күдікті қамауда отыр. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды”, - делінген хабарламада.

Ұсынылатын