Ақтауда суицид жасамақ болған қыз іздестіріліп жатыр
Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден
Ақтауда көпқабатты үйдің терезесінен секіріп кетпек болған қызды полиция іздестіріп жатыр. Оқыс оқиға 3 наурыз күні 32б шағынауданындағы "Amanat" тұрғын үй кешенінде болған, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Алдын ала мәлімет бойынша полиция 20 жастағы қызды райынан қайтарған. Бірақ суицид жасамақ болған қыз үйден шығып кетіп, белгісіз бағытта кетіп қалған.
“Қазір іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр”, – делінген полиция хабарламасында. Әзірге жас қыздың мұндай қадамға неліктен бармақ болғаны белгісіз.