Saturday, 23 November,2024

Ақтауда такси жүргізушісін өлтіріп кетті

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Ақтауда жолаушы такси жүргізушісін өлтіріп кетті. Қайғылы оқиға 22 мамырда Ақтаудағы “Адай” базасының аумағында болған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Полицияның мәліметінше, жолаушы мен такси арасында жанжал болып, олар бір-біріне пышақ жарақатын салған. Соның салдарынан такси жүргізушісі көз жұмды. Ал жолаушы пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Ол қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Тергеу амалдары басталды.

“Адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталды. Күдіктінің өзі жараланғандықтан, қазір ауруханада жатыр. Тергеу жалғасуда. Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жарияланбайды”, – делінген полиция хабарламасында.

Ұсынылатын