Ақтауда той қонақтары полицеймен жаға ұстасты
Uaqyt.info
Фото Видеодан кадр
Ақтауда той қонақтары мен тәртіп сақшылары арасында жанжал туындады. Тіпті полицейлерге арнайы жасақ көмекке келген, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Ғаламторда пайда болған видеоны куәгерлердің бірі түсірген. Онда мейрамхана алдында бір топ адамның полицеймелермен жанжалдасып жатқанын көруге болады. Полиция департаментінің мәліметінше оқиға Мұнайлы ауданындағы мейрамханалардың бірінде болған. 102 пультіне хабарды куәгер қыз түсіріпті. Аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
"Осы дерек бойынша 22 жастағы жігітке ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы (ұсақ бұзақылық) бойынша хаттама толтырылды", - деді ведомство өкілі.