- Басты жаңалықтар
- Қоғам
- Ақтауда туыстары үйіне кіргізбей қойған келіншек 5 ай бойы теңіз жағасындағы шатырда тұрған
Ақтауда туыстары үйіне кіргізбей қойған келіншек 5 ай бойы теңіз жағасындағы шатырда тұрған
Ақтауда жқмыссыз әрі баспанасыз қалған әйел 5 ай бойы теңіз жағасына шатыр тігіп, сонда тұрған. Ресейден келгеннен кейін оны туыстары үйге кіргізбей қойыпты, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Lada.kz-тің жазуынша баспанасыз және жұмыссыз қалған жас әйел сәуір айынан күні бүгінге дейін теңіз жағасында шатырда тұруға мәжбүр болған. Ресейден қайтып келген оны туыстары қабылдамапты.
Дерекке сүйенсек, Наталья - Қазақстан азаматы. Ол Мәскеуге жұмыс істеуге, оқуға кеткен. Коронавирус пандемиясы басталғанға дейін әртүрлі жерлерде жұмыс істеген.
Жылдың басында ол туған жері Ақтауға оралды. Белсенділер чатында жазылғандай, оның туыстары: "Сен мықтысың, біз саған сенеміз» деп, үйге кіргізбей қойған".
Кейіннен 5 ай бойы жағалауда тұрған әйелге жергілікті еріктілер көмек қолын созыпты. Десе де келіншек кез келген қолдаудан бас тартып, оған тек жұмыс табуға көмек сұраған. Оның барлық қажетті құжаттары және екі жоғары білімі бар.
Еріктілердің бірі кейін әйелді үйіне алып кеткен. Ол Натальяға жұмыс іздеп жүр.