Friday, 3 May,2024

Ақтауда үш баласын өлтірген қаскөй әке ұсталды

Uaqyt.info
Фото

Кәмелетке толмаған балаларын өз қолымен өлтірген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Уақыт.кз.

Рolisia.kz медиа-порталының хабарлауынша, Ақтау қаласындағы 27 шағын ауданның пәтерінен зорлықпен өлім белгілері бар күйінде жасөспірімдер табылған.  2011, 2014 және 2016 жылы туған кәмелетке толмағандарды өлтірді деген күдік бойынша полиция қызметкерлері 36 жастағы әкесін ұстады. Аталған дерек ҚК 99-бабы бойынша тіркеліп,  сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Ұсынылатын