Sunday, 8 September,2024

Ақтауға жаңа әкім тағайындалды

Uaqyt.info
Фото

Ақтау қаласына жаңа әкім тағайындалды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Ұлықбек Тналиев Ақтау қаласының әкімі болып тағайындалды.

Ол еңбек жолын 2006 жылы азаматтық қоғам және жастар саясаты саласында бастаған.

Атырау облысы Махамбет ауданы әкімінің орынбасары, Атырау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары, Атырау қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

2020 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде департамент директоры болып жұмыс істеді.

Бұған дейін Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

 

Ұсынылатын