- Басты жаңалықтар
- Сот
- Ақтөбе облысында білім басқармасының басшысы жалған құжат жасап, өкілеттігін асыра пайдаланған
Ақтөбе облысында білім басқармасының басшысы жалған құжат жасап, өкілеттігін асыра пайдаланған
Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы жалған құжат жасау және қызметтік өкілетін асыра пайдаланғаны үшін шартты жаза алды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл жөнінде облыстық соттың баспасөз қызметі мәлімдеді. Дерекке сүйенсек, Алға аудандық сотында лауазымдық өкiлеттiктерін теріс пайдалану (ҚК 361-б. 4-б. 3-т.), қызметтiк жалғандық жасау (369-б. 1-б.) және кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу (364-б 1-б.) айыбы бойынша сотқа берілген У.-ға қатысты қылмыстық іс қаралған. Шенеунікке екі эпизод бойынша жаза кесілді.
Сотталушы аудандық білім бөлімінің басшысы бола тұра, алдағы мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтерді игере отырып, материалдық пайда табу мақсатында оқу орталығын құрған. Ол, өзінің танысына тиесілі ЖК пайдаланып, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының талаптарын бұза отырып, білім бөлімі мен ЖК арасында балаларға қосымша білім беру қызметтерін көрсету жөнінде шарт жасасты. Осылайша, оқу орталығының заңсыз қызметі нәтижесінен сотталушы 1 268 000 теңге сомасында пайда көрген.
Әрі жазғы кезеңнің соңына қарай, білім бөлімі бюджеттен жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған, көп балалы отбасылардың, мүмкіндігі шектеулі 300 балалардың 12 күнтізбелік күнге жазғы лагерьге жолдама сатып алуға бөлінген 18 850 000 теңге қаражатын игеруге үлгермейтінін түсіне отырып, сотталушы мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы шешім қабылдайды.