Ақтөбе облысында екі жасар бала әжетхана шұңқырына құлап кетті
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Ақтөбе облысындағы Шалқар қаласында екі жасар бала сырттағы әжетхананың тесігіне құлап, көз жұмды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
"Мой ГОРОД" басылымының жазуынша, қайғылы жағдай 3 мамырда Шалқардағы жер үйлердің бірінде болған. Әжетханаға барған кезде қатты жел тұрып, соның салдарынан екі жастағы бала шұңқырға құлайды. Оны үлкендер сыртқа шығарып, санитарлық авиациямен ауруханаға жеткізілгенімен, оның өмірін ақ халаттылар сақтап қала алмады.
Белгілі болғандай, бала әжетхана шұңқырына құлаған кезде ата-анасы үйінде болмаған. Олардың үстінен ҚК 141-бап (Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау) бойынша қылмыстық іс қозғалды.