Saturday, 23 November,2024

Ақтөбе облысында экс-әкім 3 жасар қызды зорлады деген күдікке ілінді

Uaqyt.info
Фото

Ақтөбе облысындағы ауылдық окургтерінің бірінде әкім болған ер адам үш жасар қызды зорлады деген күдікке ілінді. Бұл туралы “Немолчи” қорының басшысы Дина Таңсәрі мәлімдеді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Оның айтуынша, ақтөбелік келіншек 3 жасар қызын туыстарының үйіне жіберген. Ал келген соң балақай өзіне үлкен ағаның қысым жасағанын жеткізіпті. Анасы бірден дәрігерге қаратқанда, ақ халаттылар қызға зақым келгенін айтқан.

Алайда жәбірленушілер кінәлі азамат жазадан сытылып кете ме деп қауіптенеді. Өйткені күдікті бұрын полицияда, тіпті ауылдық окургте әкім боп қызмет еткен.

Қазіргі таңда полиция осы дерек бойынша тергеу амалдарының жүргізіліп жатқанын жеткізді.

“Жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша заңды шешім қабылданады”, – деп мәлімдеді Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ұсынылатын