Ақтөбе облысында көлік су астына кетіп, бір адам қаза тапты
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Ақтөбе облысындағы Шалқар көлінде мұз жарылып, көлік судың астына кетті. Соның салдарынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Ақтөбе облысыТөтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің хабарлауынша, мұз астына кеткен көлікте үш адам болған. Оның екеуі сыртқа шығып үлгергенімен үшіншісі ажал құшты. Марқұмның денесін құтқарушылар су астынан алып шықты.
“Жағаға 1980 және 1971 жылы туған екі ер адам өз бетімен шықты. Құтқарушылар оларды жылжымалы уақытша жылыту пунктіне орналастырды. Медициналық көмек қажет болған жоқ”, - делінген хабарламада.