Tuesday, 22 October,2024

Ақтөбе облысында көпқабатты үйден өрт шығып, адамдар эвакуацияланды

Uaqyt.info
Фото ТЖМ

Ақтөбе облысының Темір ауданындағы Шұбарқұдық кентінде екі қабатты үйден өрт шықты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

ТЖМ мәліметінше, өрт 25 сәуірде кешкі сағат 18.00-де тұтанған. Қызыл жалынның шарпығаны туралы ақпаратты 112 пультіне тұрғындар хабарлады. Оқиға орнына келген құтқарушылар 8 адамды қауіпсіз жерге көшірді. Олардың арасында кішкентай бала да бар.

“Өртті сөндіруге жеке құрамнан 5 құтқарушы мен өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ.Өрт сағат 18:28-да сөндірілді. Жалын шарпыған алаң 20 шаршы метрді құрады. Өрттің шығу себебі - үй иелері майшам жағып, қараусыз қалдырған”, - делінген хабарламада.

Ұсынылатын