Friday, 29 March,2024

Ақтөбе облысында сауда үйінен 33 телефон ұрлаған күдікті қамауға алынды

Uaqyt.info
Фото Polisia.kz

Ақтөбе облысында сауда үйінен 33 телефон ұрлаған күдікті қамауға алынды, – деп хабарлайды Uaqyt.info.

Polisia.kz медиа-порталының жазуынша, 25 сәуірде белгісіз адам түнгі уақытта жертөле үй-жайының пластикалық терезесін итеріп ашып, Қобда ауылындағы сауда үйіне кіріп, бутиктен 33 түрлі телефонды және 30 мың теңгені жымқырған. Кәсіпкер келтірілген шығынды 3,9 млн теңгеге бағалады. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында 28 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады.

Одан 11 телефон тәркіленді. Ұрлық жасағаннан кейін күдікті Шымкент қаласына барып, ұрланған телефондардың бір бөлігін сатқаны анықталды. Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

 

Ұсынылатын