Thursday, 14 November,2024

Ақтөбе облысында жол апатынан 8 адам көз жұмды

Uaqyt.info
Фото

Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан 8 адам көз жұмды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға Ақтөбе - Астрахань тас жолындағы Теміркөпір станциясының тұсында болған.

«Ларгус» және «Хайлакс» көліктері соқтығысуы салдарынан 8 адам мерт болды. Тағы екеуі ауруханада жатыр.

Оқиға орнына облыстық полиция департаментінің жедел-тергеу тобы мен аудандық прокуратураның басшылығы шықты. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігімен қылмыстық іс тіркелді. Алдын ала мәлімет бойынша, жол-көлік апаты салдарынан «Lada Largus» көлігінің 8 жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Олардың жеке басы анықталып жатыр. «Toyota Hilux» көлігінің жүргізушісі мен 2 жолаушы Мұғалжар ауданының орталық аудандық ауруханасына жеткізілді. Іс бойынша процестік прокурор тағайындалды. Тергеу барысы облыс прокурорының жеке бақылауына алынды”, - деді облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта көз жұмғандардың жеке бастары анықталып жатыр.

 

Ұсынылатын