Ақтөбе облысында жол апатынан екі оқушы мен мұғалім қаза тапты
Uaqyt.info

Ақтөбе облысында олимпиадаға бара жатқан екі оқушы мен мұғалім қаза тапты, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Оқыс оқиға 19 желтоқсанда Самара-Шымкент тасжолында, Қызылжар ауылының маңында болған. Қазір оқиғаның мән-жайын полиция анықтап жатыр.
“Алдын ала мәліметтер мен куәгерлердің сөзіне қарағанда, жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам қаза тапқан: Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысуға бара жатқан екі оқушы мен бір мұғалім”, - делінген Ақтөбе облысының Білім басқармасы хабарламасында.