Thursday, 19 September,2024

Ақтөбе облысында жолаушылар автобусы апатқа ұшырады

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Ақтөбе облысында 32 адамы бар автобус аударылып қалды. Апат «Қарабұтақ – Қостанай» тас жолының 132-ші шақырымында болған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқыс оқиғадан жолаушылар зардап шекпеген. Қазір 32 жолаушы сол маңға жақын ауылдағы мешітке орналастырылды. Олардың барлығы өзбекстан азаматтары екен. Мамандар қолайсыз ауа райы кезінде алыс жолға шықпауға кеңес береді.

 

Ұсынылатын