Ақтөбе облысындағы су тасқыны халықты әбігерге салды
Ақтөбе облысындағы үш ауыл (Оймауыт, Миялы, Дияр) су тасқынының кесірінен көлікпен жүруден қалған, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Әкімдік өкілдерінің айтуынша, 1500 тұрғыны бар үш ауылмен байланыс үзілген.
"Жаңажол ауылдық округінің Оймауыт, Миялы, Дияр ауылдарында 10 күнге жеткілікті азық-түлік қоры бар. Оймауыт ауылында амбулатория, Миялы, Дияр ауылдарында медпункттер жұмыс істеп тұр, жедел-жәрдем көмегіне мұқтаж адамдар жоқ", - деп хабарлады Байғанин ауданы әкімдігінің өкілдері.
Ақтөбе облысы ТЖД хабарлауынша, су тасқыны бірнеше тас жолды шайып кеткен.
"Біріншісі – Байғанин ауданының "Қарауылкелді - Алтай батыр - Миялы" жергілікті маңызы бар автожолының 63 шақырымында су өткізу құрылғысының шайылуы. Соның салдарынан Оймауыт, Дияр және Миялы елді мекендері мен аудан орталығы арасындағы жол қатынасы үзілді. Сондай-ақ Ойыл ауданындағы "Амангелді - Көптоғай" жолы, салдарынан барлық еріген су Көптоғай ауылы арқылы өтіп, тұрғын үйлерге су басу қаупін тудырды. Алайда ешбір үйді су баспады", - дейді Ақтөбе облысы ТЖД қызметінің өкілдері.