Ақтөбе облысындағы жантүршігерлік жол апатынан 4 мұғалім көз жұмды
Ақтөбе облысының Қобда ауданында болған жол апатынан 4 адам көз жұмды. Тағы екі жолаушы жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Лада Ларгус» автокөлігі «DAF» соқтығысып, соның салдарынан 4 адам көз жұмды. Ауыр жарақат алған тағы екі жолаушы жансақтау бөлімінде жатыр. Қазір қаза тапқан мұғалімдердің отбасыларына Білім бөлімі тиісті көмек көрсетіліп жатқанын жеткізді.
«Орал қаласындағы №5 орта мектепте логопед болып жұмыс істейтін 27 жастағы қыз және Бәйтерек ауданы Үлкен Шаған мектеп-бөбекжай-балабақшасының педагог-дефектологы, 46 жастағы әйел жансақтау бөлімінде жатыр. Қаза болған және жол апатынан зардап шеккен педагогтердің отбасыларына қалалық, аудандық білім беру бөлімдері, мектептер және кәсіподақ тарапынан көмек көрсетілуде», - делінген хабарламада.