Saturday, 23 November,2024

Ақтөбеде 12 жасар оқушы көз жұмды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Ақтөбедегі мектептердің бірінде оқушы көз жұмды. 12 жасар бала құлап, басын үстелге соққан, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

“Бала тыныстамай қалған. Бірден облыстық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Ес-түссіз болды. Жансақтау бөлімінде баланың өмірін сақтап қалу үшін дәрігерлер бар күшін салды. Бірақ ештеңе өнбеді. Сағат 11:25-де биологиялық өлім тіркелді,- деп хабарлайды Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев.

Ұсынылатын