Saturday, 27 July,2024

Ақтөбеде 7-сынып оқушысы жоғалып кетті

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Ақтөбеде мектеп оқушысы жоғалып кетті. 2010 жылы туған қыз кеше кешқұрым үйден шыққаннан кейін кері оралмаған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Онда 2010 жылы туған Айзере Тілепбергенова Ақтөбе қаласының Бөкенбай батыр көшесіндегі үйден кеше сағат 20:00-де шығып кетіп, қайта оралмағаны жазылған.

Қазір еріктілер мен полиция іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

"Бұл отбасы таяуда Ақтаудан көшіп келген. Ол 7 сынып оқушысы. Қазір патрульдік полиция, еріктілер тобы іздеу жұмысын жүргізіп жатыр",- деді облыстық полицияда.

Ал еріктілер болса қазір қызды 40-қа жуық адам іздеп жатқанын түсіндірді.

Ұсынылатын