Ақтөбеде 8 жасар баланы көлік қағып мерт қылды
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Ақтөбенің Жаңақоныс тұрғын алабында 8 жасар баланы көлік қағып кетті. Түрлі дене жарақатымен ауруханаға түскен оқушының өмірін дәрігерлер сақтап қала алмады, деп хабарлайды Uaqyt.info.
ҚазАқпарат хабарлауынша, қайғылы оқиға 22 мамырда болған.
«Апат салдарынан кәмелетке толмаған бала ауруханада қайтыс болды. Жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция департаменті жүргізушілерді жолдарда мұқият болуға және жол ережесін қатан сақтауға шақырады»,- деп хабарлады Ақтөбе облысы ПД ЖПҚБ бастығының міндетін атқарушы Айдос Құлжанов.