Ақтөбеде адамдарға жыландар шабуылдап жатыр
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Ақтөбеде екі адамды улы жылан шағып алды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы “Диапазон” газеті жазды. Онда редакцияға екі адамның жылан шағып алғаны туралы ақпарат түскені айтылады. Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаевтың айтуынша, жылан шағу деректері бұған дейін де бірнеше мәрте болған. Олар өңірде жыланның көп түрі болмағандықтан, адамдарға тек бір ғана вакцина қолданылатынын айтады.
"Жылан шағу қалада өте сирек кездесетін еді, бірақ биыл жылан шағу дерегі бірнеше мәрте тіркелді. Ең бастысы – жылан шаққанда бірден дәрігерлерге қаралу қажет", - деді Рүстем Исаев.