Ақтөбеде анасы мен баласын аюуандықпен өлтірген қаскөй ұсталды
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Ақтөбеде 35 жастағы әйел мен оның 16 жастағы ұлын өлтірген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Ақтөбе облыстық соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдікті екі айға қамауға алынған. Оның үстінен ҚК 99 бабы (кісі өлтіру) бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, жантүршігерлік қылмыс 29 наурызда Ақтөбедегі тұрғын үйлердің бірінде болған еді. Қаскөйдің шабуылынан бір үйдің екі адам өліп, 13 жастағы қыз ауыр жарақат алған болатын. Қансыраған баланың өмірін дәрігерлер аман алып қалды.