Ақтөбеде азаппен өлген екі зейнеткердің мәйіті табылды
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Ақтөбеде зорлықпен өлтірілген екі адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
“4 қыркүйек күні сағат 20:00 шамасында Ақтөбе қаласы Гришина көшесіндегі бес қабатты үйдің пәтерлерінің бірінен заңды некеде тұрған 64 жастағы ер адам мен 70 жастағы әйелдің зорлықпен өлтірілген мәйіттері табылды”, - деп жазды аймақтағы полиция департаментінен.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, екі адамның өліміне қатысы бар күдікті қолға түскен. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.