Saturday, 23 November,2024

Ақтөбеде бір түнде 3 өлім: Әйелдер көпқабатты тұрғын үйден секірген

Алмас Абылай
Фото POLICE.KZ

Ақтөбеде бір түнде үш суицид жағдайы тіркелді. Үшеуі де көпқабатты тұрғын үйден жерге секірген, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Алғашқысы тұрғын үйдің 9-ші қабатынан секіріп кеткен. Бұл туралы әлеуметтік желіде жазылғанымен, полицияда нақты ақпарат жоқ.

Ал кейінгі екі келіншек жайлы дерек расталды. Ішкі істер министрлігі дерегіне сүйенсек, олар 31 және 56 жастағы әйелдер. Мәйіттері "Ақтөбе Ажары" 112 тұрғын үй кешені кіреберісінен табылды.

"Жедел басқару орталығының 102 пультіне "Ақтөбе Ажары" 112 тұрғын үй кешенінің жоғарғы қабатынан адам құлағаны туралы хабарлама келіп түседі. Оқиға орнына барған патрульдік полиция қызметкерлері үйге кірер есіктің алдында екі әйелдің денесін тапқан. Мәйіттердің жеке басын анықталды", - делінген ақпаратта.

Сонымен қатар, деректе бұл іс бойынша қылмыстық кодекстің 105-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқаны жазылған. Оқиғаның себептері анықталуда.

Ұсынылатын