- Басты жаңалықтар
- Қылмыс
- Ақтөбеде екі адамды өлтірдім деп кінәсін мойындап барған ер адамды емес, полиция таксисті қамап тастаған
Ақтөбеде екі адамды өлтірдім деп кінәсін мойындап барған ер адамды емес, полиция таксисті қамап тастаған
Алмас Абылай
Фото
Ақтөбе облысында ер адам полицияға екі рет кісі өлтіргенін мойындап келсе де оны қамауға ешкім асығар емес, Керісінше оның қылмысын жарты жыл бұрын қамауға алынған жазықсыз таксисит тартып отыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Оқиға Кеңқияқта жаңа жыл қарсаңында тіркелген. Екі тұрғын өз пәтерінде өлі күйінде табылады. Ал қылмысқа басты күдікті ретінде сол күні пәтерге барған таксисит қамауға алынады. Бірақ марқұмдарды танымайтынын және кінәсіз екенін айтқан ер адамды полиция тыңдамаған.
Іс тіпті сотқа өткен. Іс басталар алдында полицияға Қопа ауылының тұрғыны келіп, өзінің кінәлі екенін айтты. Ол досымен бірге ер мен әйелді өлтірдім деген. Мұны тергеу изоляторында жарты жыл бойы сотты күтіп отырған күдіктінің әпкесі айтты.
Сот істі неғұрлым егжей-тегжейлі және объективті тергеуге қайтарды, бірақ таксистке қатысты бұлтартпау шарасы әлі өзгертілмей отырған көрінеді.