Ақтөбеде ер адам терезеден кіріп, дәрігер қызды өз үйінде өлтіріп кетті
Ақтөбеде пышақпен қаруланған ер адам терезеден ұрын кіріп, дәрігер қызды өз үйінде өлтіріп кетті, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 35 жастағы қаскөй терезе арқылы үйге ұрын кіріп, қызды пышақтап өлтірген. Ол оқиға орнына келген полицейге де пышақ жарақатын салып, ізін суытып үлгереді. Көп ұзамай күдікті қолға түсті. қазіргі уақытта ол уақытша ұстау абақтысында отыр. Тергеу амалдары басталды.
“Күдікті ұсталған сәтте қарсылық көрсетіп, полиция қызметкерін жарақаттап, оқиға орнынан көлікпен қашып кеткен. Қудалау кезінде күдікті бірнеше автокөлікті соғып, Ақтөбе-Болгарка жолында аударылды. Күдікті ұсталды. Кісі өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр”, – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.