Sunday, 8 September,2024

Ақтөбеде көпқабатты үйдің ауласынан ер адамның мәйіті табылды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Ақтөбеде көпқабатты үйдің жанынан ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ер адамның мәйіті 3 мамырда Есет батыр көшесіндегі көпқабатты үйдің жанынан табылған. Полиция 37 жастағы күдіктіні  ұстап, уақытша ұстау абақтысына қамады. Оның үстінен ҚК 106 бабы (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Ұсынылатын