Ақтөбеде лаңкестікке үндеген 2 күдікті ұсталды
Алмас Абылай
Фото ҚР ҰҚК
Ақтөбе қаласында терроризмді насихаттаған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады. Дерекке сүйенсек, 2023 жылғы 9 қыркүйекте Ақтөбе қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті полицияны жұмылдырумен радикалды діни ұяшық бейтараптандырылған.
Яғни терроризмді насихаттау бойынша күдікпен 2 Қазақстанның азаматы ұсталып отыр.
Олардың тұрғылықты мекенжайлары бойынша экстремистік мағынадағы әдебиеттер мен басқа куәлік заттар тәркіленді. Материалдар сотқа дейінгі тергеп-тексеру тізіміне Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелді.