Ақтөбеде облысында бұзау іздеуге шыққан екі оқушы суға батып кетті
Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Құрылыс ауылында бұзау іздеуге шыққан екі бала суға батып кетті, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы Мой Город жазды. Алдымен хабарлама төтенше жағдайлар қызметіне түскен. Артынша оқиға орнына прокурорлар мен полиция да барыпты.
"Алдын ала болжам бойынша, 2011 жылы туған екі бала бұзау іздеуге шығып, оралмаған. Олардың жанында болған 13 жасар бала бірінің суға құлағанын, ал екіншісін көрмегенін айтты. Бүгін сағат 17:30-да жергілікті атқарушы билік пен жергілікті тұрғындар күшімен бір баланың денесі шығарылды. Суға батып кеткен бір баланың әкесі мұғалім, анасы кәсіпкер. Олар - Бәймен Алманов атындағы орта мектептің 6-сынып оқушылары. Екінші баланы іздеу жұмысы жалғасып жатыр. Оған төтенше жағдайлар бөлімінің екі техникасы, 7 адам жұмылдырылды. Сүңгуірлер де барды. Полиция мен жергілікті тұрғындар да оқиға орнында", - деді облыстық білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтан.
Көп ұзамай екінші баланың да денесі табылған.
"28 мамырда сағат 1.25-те ТЖД Жедел-құтқару жасағының сүңгуірлері 12 жасар баланың денесін судан 5 м және жағадан 6 м тереңдікте шығарды", - деп хабарлады облыстық ТЖД.