Thursday, 19 September,2024

Ақтөбеде пәтерлердің бірінен анасы мен ұлының өлі денесі табылды

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Ақтөбедегі жеке пәтерден әйел адам мен оның баласының мәйіті табылды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Диапазон жазды. Дерекке сүйенсек, 8-шағын аудандағы көпқабатты үй тұрғындары жағымсыз иіс шыққанын айтып, полицияға жүгінген. Шақырту орнына келген полиция пәтерден екі мәйітті тапқан.

"23 шілдеде Ақтөбе қаласының пәтерлерінің бірінен 75 жастағы әйел мен оның 44 жастағы ұлының мәйіті табылды. Өзге ақпарат жария етілмейді", - деп хабарлады Ақтөбе облысы полициясының баспасөз қызметі.

Пәтер иесі әйел адам мұғалім болған. Жалғыз тұрған. 44 жастағы ұлы анда-санда анасына келіп тұрған. Қазір пәтер мөрленген. Ал көршілер осы пәтерде дезинфекция жүргізуді сұрап отыр.

Ұсынылатын