Saturday, 23 November,2024

Ақтөбеде полиция формасымен удай мас жүрген қыз жұрт назарына түсті

Алмас Абылай
Фото POLISIA.KZ

Ақтөбеде полиция формасын киген қыз удай мас жүрген. Ол шағын аудандардың бірінде ұсталды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Ішкі істер министрлігі дерегіне сүйенсек, ащы суға масайған қыз әдейілеп форма киген. Яғни оның құзырлы органға еш қатысы жоқ болып шықты.

"Жедел басқару орталығының 102 телефонына "Есет батыр" микрорайонында мас күйінде полиция қызметкері түріндегі қыз жүргені туралы хабарлама келіп түсті. Аталған мекен-жайға барған учаскелік полиция инспекторы полицияға ешқандай қатысы жоқ 29 жастағы қызды ұстап учаскелік полиция пунктіне жеткізді", - делінген ақпаратта. 

Қазіргі уақытта қыз Қазақстан Республикасы ӘҚБтК 440-бабы (алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде пайда болу), 434 бабы (ұсақ бұзақылық) және 675 бабы (айырым белгiлерi және (немесе) нышаны бар әскери киiм нысанын, сондай-ақ нысанды киiм мен арнаулы киiм-кешектi заңсыз киiп жүру (пайдалану) бойынша хаттама толтыру үшін полицияның учаскелік пунктіне жеткізілді. 
Сондай-ақ, ол полиция қызметкерінің формасын қайдан алғаны анықталуда.

Ұсынылатын