Friday, 3 May,2024

Ақтөбеде спорт-интернаттың 8-сынып оқушысы көз жұмды

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Ақтөбеде Есет батыр атындағы спорт-интернаттың оқушысы көз жұмды. Марқұм еркін күрес бөлімінде оқыған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

КТК жазуынша, Оқиға кеше кешкі сағат тоғыз шамасында білім ошағында болды. Бексұлтан Әбубәкір мектептің еркін күрес бөлімінде оқыпты.

Есін жоғалтқан балаға мұғалімдер бірден жедел жәрдем шақыртқанымен, олар да ажалдан арашалап қала алмады. Марқұмның егізі де осы интернатта оқиды екен.

Мектептегілер оқушының бұрын дерті болмаған деп отыр.

Жатақханада болған жағдай. Түнгі сағат 10-да ұйқыға жатады. Оқиға 9-дан кете болды. Тәрбиешілер бәрі график бойынша орнында болған, құлаған кезде алғашқы медициналық көмек берген. Тәрбиешінің сертификаты бар. Ондай ауруы болған жоқ, спортпен шұғылданып жүрген бала ғой”, - деді Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты директоры Қайрат Әжбағамбетов.

Ұсынылатын