Ақтөбеде түнгі клубтағы екі адамның өліміне қатысты сот үкімі шықты
Ақтөбеде түнгі клубтағы қос кісі өліміне қатысты сот үкімі шығарылды, – деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бүгін Ақтөбеде сот “Миллиардер” түнгі клубында екі кісіні өлтіру ісі бойынша үкім шығарды. Сотта 16 адам айыпталды: клубты жалға алушы, қалғандары күзетшілер мен олардың таныстары.
Сот оларды 2 жылдан 17 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырды. Клубтың 13 күзетшісіне және олардың 2 танысына әртүрлі баптар бойынша айып тағылды: кісі өлтіру, кісі өлтіруге оқталу, адам ұрлау, бұзақылық.
Сот оларды 2 жылдан 17 жылға дейін бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Түнгі клубты жалға алушы – қылмысты жасырғаны және хабарламағаны үшін айыпталып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды.
Естеріңізге сала кетейік, қос кісі өлтіру өткен жылдың қазан айында “Миллиардер” түнгі клубында болды. Төрт ер адам Ақтөбеге Темір ауданынан армрестлингтен жарысқа қатысу үшін келген.
Кейінірек олар түнгі клубқа барған, мұнда олар мекеме күзетшілерімен сөзге келіп, арты пышақтасуға ұласқан. Салдарынан мемлекеттік айыптаудың мәліметінше, клубқа келген екі азаматты күзетшілер мен олардың таныстары ұрып өлтірген.
Қалған екі келушіні олар қаланың шетіне апарып тастау үшін көліктің жүксалғышына салған, алайда олар жүксалғыштан қашып шыққан. Ал көз жұмғандардың денелері қала сыртындағы Тропикана жағажайында ағаштардың арасынан табылды.