Saturday, 23 November,2024

Ақтөбеде үш баланың анасын күйеуі өлтіріп кетті

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Ақтөбе облысының Сарқұл ауылында үш баланың анасын бұрынғы күйеуі тұншықтырып өлтірген. Оқиға болған кезде балалар көрші бөлмеде ұйықтап жатқан, деп хабарлайды Uaqyt.info Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

1 ақпанда болған қайғылы жағдай туралы “НеМолчи” қоғамдық қорының жетекшісі Дина Таңсәрі мәлімдеді.

Ерлі-зайыптылар 2022 жылы ажырасқан. Ер адам басқа біреумен көңіл жарастырып, балаларымен қарым-қатынасын үзбеген. Сондай-ақ алимент төлемеген.  Алайда екі жылдан кейін ол отбасына қайта оралып, әйелі оны қабылдаған.

Сол түні балалар көрші бөлмеде ұйықтап жатқанда, Айбану ас үйде күйеуіне шәй қойып, артына бұрыла бергенде, ер адам экс-әйеліне шабуылдап, тұншықтырып өлтірген.

"Әйелдің туыстарының айтуынша ер адам Ақтөбеден таксимен келген. Ал таксистке ауылдың шетінде күтіп тұруын айтқан. Бұл мұқият жоспарланған суық қанды кісі өлтіру. Ер адам бәрін алдын-ала жоспарлады. Ал оның мотиві ол бөліскісі келмеген жылжымайтын мүлік мәселесі. Айбану қалада емес, ауылда тұрды. Оған материалдық жағынан қиын болды. Экс-жолдасы екеуіне ортақ пәтер болды", - деді Таңсәрі.

Полиция оқиғаны растады. Іс сотқа жіберілген.

"Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық тергеу аяқталып, процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданды", - деп жауап берді Ақтөбе облысының ІІД.

Күдікті қамауда.

Ұсынылатын