Saturday, 5 October,2024

Ақтөбедегі жол апатынан бір үйдің екі баласы көз жұмды

Құрмантай Жантелі
Фото ашық дереккөзден

Ақтөбеде облысында болған жантүршігерлік жол апатынан қаза тапқан сегіз адамның тең жартысы – балалар, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы облыстық білім басқармасы мәлімдеді. Онда жол апатынан қаза тапқан екі бала бір үйдің мүшелері екені айтылған.

Қаза тапқандардың арасында кәмелет жасына толмаған 4 бала бар. Олар денсаулығына, отбасылық себептерге байланысты жеке сапарға шыққан. Құзырлы орган қызметкерлері тергеу амалдарын жүрізуде, - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Ақтөбе облысында ірі жол апаты болып, соның салдарынан 8 адам көз жұмған болатын.

 

 

 

Ұсынылатын