Thursday, 19 September,2024

Ақтөбелік эвакуатордың көмегімен автокөлікті ұрлап кеткен

Uaqyt.info
Фото Polisia.kz

Ақтөбе қаласының полиция бөліміне 20 жастағы жігіт автокөлік ұрлығы туралы арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, қыркүйектің соңғы күні көпқабатты үйдің артында жүруге жарамсыз күйде тұрған "Мерседес Бенц Е-280" автокөлігі ұрланған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Полиция қызметкерлері көлікті автобөлшектер саудалайтын жерден тауып, оны мұнда эвакуатормен  әкелген 32 жастағы күдіктіні ұстады.

Тергеу барысында күдіктінің эвакуатор жалдап, оның көмегімен автокөлікті осында әкеліп, 120 мың теңгеге тапсырғаны анықталды.

Ұрлық фактісі бойынша ҚР ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Ұсынылатын