Saturday, 23 November,2024

Ақын марқұм баласының гитарасымен ән салып берді

Uaqyt.info
Фото видеодан кадр

Ақын Серікзат Дүйсенғазин өмірден өткен 16 жастағы ұлы Әлиханның гитарасын көрсетіп, естелігімен бөлісті, деп хабарлайды Uaqyt.info.

“Әлихан батырдың гитарасы ғой. Өзінің түзеп кеткен құлақкүйімен тұр. "Ішектері жетімсіреп ызыңдамасын" деп анда-санда бір қолға алып қоямын. Басымда балапанымның осы гитарасын тартқанда киіп отыратын тақиясы. Олимпиадаға дайындықтан шаршағанда осы диванда отырып біраз мелодиялардың басын қайыратын”, - деп жазды ол.

Ақын баласы ойнаған гитарамен ән салып берді.

“Роза Әлқожа қарындасым студент кезінде шығарған осы әнін алғаш Студенттер сарайында  маған әкеліп тыңдатып еді. "Сөзін жазып көресіз бе?" деп қолқа да салған. Гүлнәр Салықбай апайдың өлеңіне дәл келіп тұрған соң сол күйінде қалдырғаның дұрыс деп едік. Бүгін сол ән есіме түсіп кетіп тыңқылдатып отырғаным ғой. Үнемі тартып жүрмеген соң қол да қатып қалады екен. Артық-кемі болса кешіріммен қарарсыздар”, - деді Серікзат Дүйсенғазин.

Ұсынылатын