Tuesday, 22 October,2024

Ақын Олжас Сүлейменовтің әйелі өмірден өтті

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Белгілі қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменовтің әйелі Маргарита Владимировна көз жұмды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Қаралы хабарлы Қазақ ПЕН клубының президенті Бигелді Ғабдуллин әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Онда 88-ге қараған шағында Маргарита Владимировнаның өмірден өткені айтылған.

Желі қолданушылары қаралы хабарға байланысты ақынға және оның жақындарына көңіл айтып жатыр.

Ақпаратты Олжас Сүлейменов басқаратын ЮНЕСКО жанындағы Мәдениеттерді жақындастыру орталығы да растап отыр.

Ұсынылатын