Friday, 20 September,2024

Ақжүрек Таңатаров басқарған олимпиадалық спорт мектебінен шу шықты

Алмас Абылай
Фото

Еркін күрестен Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионы, азия чемпионы Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы Ақжүрек Таңатаров басқарған Жамбыл облысындағы спорт мектебінің жағдайы жұрт назарына түсті. Олимпиадалық резервке бала тәрбиелейтін ғимараттың жатын бөлмесінің кейпі адам аярлық, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Спорт мектебінің жатақханасындағы жағдайды журналист Михаил Козачков жариялады. Бейнежазбада қабырғасы құлаған, көгерген, тіпті жататын жастығы мен матрасының бөлшектеліп кеткенін байқайсыз.

"Бұған дейін осы мектеп-интернаты туралы бірнеше сурет жарияладым. Артынша Ақжүрек менің достарыма өзі хабарласып бұл мәселеге араласпауды өтінген. Әрі ішін толықтай жөндеуден өткізетінін айтыпты. Бірақ күні кеше бәрін жөндеп қойғанын мәлімдеп, маған "ескі суреттерді пайдаланған" деп кінә артқан екен. Мен тиіспедім, өзі тіленді. Енді міне, сол жердегі қызметкерлер маған су жаңа бейнежазба жіберіп отыр. Жағдайды өзіңіз қараңыз", - дейді журналист.

Ұсынылатын