Ақжүрек Таңатаров жаңа қызметке тағайындалды
Құрмантай Жантелі
Фото ашық дереккөзден
Ақжүрек Таңатаров Жамбыл облысы әкімінің спортты дамыту жөніндегі кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің баспасөз хатшысы хабарлады. Онда ҚР-ның еңбек сіңірген спорт шебері, XXX London Олимпиадасының еркін күрестен қола жүлдегері Ақжүрек Таңатаровтың жаңа қызметке тағайындалғаны туралы айтылған.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ҰОК президенті болып Генадий Головкин тағайындалған болатын. Uaqyt.info осыған байланысты Ермахан Ыбырайымовтан арнайы сұхбат алған болатын.