- Басты жаңалықтар
- Әлем
- Ар кетті ме, намыс жоқ па? Түсік жасатқан қыз-келіншектер қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды
Ар кетті ме, намыс жоқ па? Түсік жасатқан қыз-келіншектер қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды
Мексика билігі заңға өзгеріс енгізді. Енді елде түсік жасатқан қыз-келіншектер қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
ВВС-дің жазуынша, Мексиканың Жоғарғы cоты түсік жасатқаны үшін қылмыстық жауапкершілікті алып тастаған. Осылайша енді жүктілікті тоқтатқан әйелді қылмыстық жазаға тарту конституцияға қайшы. Елдің барлық штатында рұқсат етілді.
"Зорланған жағдайда, бірде-бір қызды ана болуға мәжбүрлеуге болмайды. Мемлекет те, оның ата-анасы да, қамқоршылары да", - делінген сот дерегінде.
Соңғы уақытта Мексидағы католиктер мен саясаткерлер ықпалы әлсіреп кетті. Мемлекет зайырлы қоғамға айналып келеді.
Десе де дәл осы шешім католиктердің қарсылығын тудыруы мүмкін. Себебі олардың саны бойынша Мексика Латын Америкасындағы екінші мемлекет.
Айта кетейік, бүгінде Сальвадор, Гондурас, Никарагуа, Гаити және Доминикан Республикасында абортқа толық тыйым салынған.