Saturday, 19 April,2025

ArcelorMittal Қазақстанды сотқа беруі мүмкін бе?

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев журналистердің “ArcelorMittal Қазақстанды сотқа беруі мүмкін бе?” деген сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

“ArcelorMittal Қазақстан Республикасына ешқандай талап қоймайтынын баса айтқым келеді. Өйткені ArcelorMittal сотқа шағымдану талабынан бас тартатыны туралы келісімге қол қойды. Келісім халықаралық құқық нормалары сақтала отырып жасалды. ArcelorMittal компаниясынан қорға түсетін қаражат Қарағанды облысы тұрғындарының денсаулық сақтау, білім беру саласындағы әлеуметтік жобаларын жүзеге асыруға жұмсалады. Бұл соманың 50%-ы Теміртау қаласын дамытуға жұмсалады, ал қалған бөлігі Қарағанды облысына жұмсалады”, - деді Өнеркәсіп министрі.

Ұсынылатын