Ардагерлер азайып бара жатыр. Елімізде ҰОС қатысқан қанша адам бар?
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Қазақстанда Екінші дүниежүзілік соғысына қатысқан 237 ардагер қалған, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты. Министрдің айтуынша, ардагерлердің барлығы жеңіс күні қарсаңында материалдық көмек көрсетіледі.
"Елімізде Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан ардагерлердің саны – 237 адам. 9 мамырда оларға барлық облыстар бойынша тиісті материалдық ынталандыру төленеді. Барлығында бірдей, бірақ кей өңірде одан да көп болуы мүмкін. Әкімдіктердің ұсынысы бойынша, кем дегенде 1,5 млн теңгеден беріледі", - деді министр.