Saturday, 23 November,2024

Әріптесінен көтеріп қалған келіншектің нәрестесін сатуға көмектескен акушерлер 8 жыл арқалады

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Жамбыл облысында сәби сатуға ұйытқы болған акушерлер сотталды. Перзентхана қызметкерлері әріптесінен ойда-жоқта көтеріп қалып, отбасынан жасырмақ болған әйелге көмектескен, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Облыстық сот дерегіне сүйенсек, акушерлерге 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілген.

Айта кетейік, әйел былтыр қарашада жүктілікті мерзімінен бұрын тоқтатпақ болады. Осылайша акушерлер жаңа туған нәрестені 1,5 миллион теңгеге сатқан.

"Ол аурухананың перзентхана бөлімінің акушеріне хабарласқан. Дәрігер пациент жүктілігін отбасынан жасырғанын түсініп, өзінің әріптесінен босанғаннан кейін баланы сатуға көмек сұраған", - дейді сот.

Сотталушылардың кінәсі жәбірленушінің заңды өкілінің, куәлердің айғақтарымен, сараптамалардың қорытындысымен дәлелденді. Сотталушылар кінәсін ішінара мойындады.

"Бір сотталушының жас балаларының болуы жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде қарастырылды. Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ. Жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін,ескере отырып, сотталушылар 8 жылға бас бостандығынан айырылды", - делінген ақпаратта.

Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.

Ұсынылатын