Friday, 22 November,2024

Арман Тоғаев Жамбыл облысындағы ел білмейтін көлге жаңа атау ұсынды

Uaqyt.info
Фото

Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының Президенті Арман Тоғаев Меркі ауданындағы қазақ тарихындағы ұлы шайқастардың бірі – атақты Аңырақай шайқасы өткен жердегі көлді “Аңырақай” деп атауды ұсынды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Арман Тоғаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді. Онда ол Меркі ауданына бара жатқан жолда көп адам біле бермейтін көлге тап болғанын айтады. Видеода Тоғаевтың көлге құятын бұлақтардың көзін ашып, тазалап жатқанын көруге болады. Ол атақты Аңырақай шайқасы өткен жердегі көлге назар аударылса, туристер келетін ғажап, тарихи орынға айналар еді дейді.

“Меркіге қонаққа бара жатып, жолдан бұлақтың қайнар көзін тауып алдық. Аңырақай шайқасы осы жерде өткен екен. Аллаға шүкір, бұлақтың көзін барынша аштық. Мына көлдің атын білмеймін, бірақ “Аңырақай” көлі деп атау керек деп ойлаймын. Не деген керемет жер. Мына суды дұрыс пайдаланса, мына жерге үлкен көл жасаса, ғажап болар еді. Тарихқа тұнып тұрған жер, бүкіл әлем келер еді. “Аңырақай” шайқасын, қазақтардың қалмақтарды қалай орнына қойғанын бүкіл әлем біледі ғой”, - деді Арман Тоғаев.

Ұсынылатын